Күдебаевтың соты тағы да кейінге қалды

Прокурор оны 9 жылға соттауды сұраған


16/03/2023
11:34 20509 0

Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевтың соты тағы да кейінге қалды. 

 

16 наурызда өткен сот отырысында судья Үмбетай Әбдилла Күдебаевтың қорғаушысынан өтініш хат түсуіне байланысты процесті 20 наурызға қалдырды. Оның сөзінше, өтініш хатта айыпталушы тарап өкілдері Күдебаевтың ауруханада ем қабылдап жатуына байланысты сотқа келе алмайтынын айтқан. 

 

Серік Күдебаев 1наурызда өткен сот отырысына да келмеген. 
Жетісу облыстық сотының ресми өкілі Нұрсұлтан Орынбасаров Күдебаевтың ауруханада жатқанын айтқан. 

 

2ақпанда өткен сот отырысында прокурор Ерлан Қыдырбаев судьядан Күдебаевқа 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған. 

 

Серік Күдебаевтың үстінен Қаңтар оқиғасы кезіндегі іс-әрекетіне байланысты ҚР ҚК 370 бабының 4 бөлігінің 1 тармағы «ауыр зардаптарға әкеліп соққан қызметтегі әрекетсіздік» бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Поделиться

Нет комментариев.

16/03/2023 11:34
20509 0

Уведомление